Атырауда 10 жасар бала энергетикалық конфеттен уланды

Атырауда балалар ауруханасының дәрігері баланың өмірін құтқарып қалған.

Аурухана бала 19 желтоқсан күні 19:30 шамасында жедел жәрдеммен дереу жеткізілген. Бір сағат ішінде бала есін жинаған.

Баланың айтуынша, мектептен шыққаннан кейін дүкеннен 7-8 дана Flush UP энергетикалық  конфетін сатып алып, барлығын бірден жеген. Біраз уақыттан кейін ол өзін жайсыз сезініп, есін жоғалтқан.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық. Үйіне қайтарылған.

Exit mobile version