АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

 20 ақпан күні Атырау облысы «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» және «облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтті.

Шараның мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің арасында қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде өзара байланысты күшейту және ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру, бенефициар тарту.

Жәрмеңкеге «Тенгизшевройл», «Fluor», «NCOC», «Болашақ Атырау», «Fircroft Kazakhstan», «Сенімді құрылыс», «Sarens Kazakhstan», «ESS Support Service», «Болат жол», т.б. компаниялары қатысты.

«Бүгінгі жәрмеңкеге «Академик Кроха» балалар орталығын ашу туралы жобамды ұсындым. Жобам мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыруға арналған. Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар кәсіби мамандар арқылы психо-физиологиялық, қимыл-қозғалысын шынықтырады. Атырау қаласында мұндай орталықтарға сұраныс бар. Егер бұл жоба қолдау тапса, көп отбасына көмектескен болар едік деп ойлаймын»,- depti «Самға жүрегім» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Эльвира Аронова.

Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше балаларға арналған 14 әлеуметтік жобаны ұсынды. Соның ішінде «Zlataru» қоғамдық қоры мен «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің жобаларына «Fluor» және «ESS Support Service» компаниялары қолдау көрсететін болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button