АТЫРАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 257 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Конституция күні қарсаңында атыраулық 33 отбасыға пәтер кілті табысталды – деп, хабарлайды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.

Жаңа пәтерлер «Нұрсая» ықшам ауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінен берілді. Баспаналы болғандардың дені, 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар.

Еске сала кетейік, өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы 257 отбасы баспаналы болған еді. Биыл, бұл көрсеткіш арта түспек. Себебі, 8 ай ішінде 250-ден астам отбасы пәтер кілтін алып үлгерді. Жыл аяғына дейін, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан бөлек, апатты жағдайдағы жатаханаларды да көшіру көзделіп отыр.

Exit mobile version