ТЕҢІЗ КЕНІШІНІҢ 3 ЖҰМЫСШЫСЫ КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚТЫ

Өңірде Covid-19 індетінен жазылып шыққандар саны 236 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы үш адам айығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, үшеуі де – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 27, 33, және 38 жастағы ер адамдар.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті індеттен жазылып шыққандардың саны 236 адамға жетті.

Exit mobile version