АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДАҒЫ COVID-19 ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРҒАН ОН ҮШІНШІ АДАМ 49 ЖАСАР ӘЙЕЛ БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Науқас «Алматы-Атырау» бағытындағы рейспен келген», – depti Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда науқас оқшауланып, инфекциялық стационарға жатқызылған. 49 жастағы әйелдің жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінуде.

Белгілі болғандай, ол 21 наурыз күні Атырауға Алматыдан ұшып келген. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп, коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдар анықталып оқшаулануда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button