АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУҒА АМСТЕРДАМНАН КЕЛГЕН КАДЕТТЕРДЕН КОРОНАВИРУС ТАБЫЛМАДЫ

«Қазіргі уақытта 24 кадет пен олардың 2 мұғалімі үй карантиніне жатқызылған», – depti   Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуір күні Қазақстан-Британ техникалық университеті Қазақстан  Теңіз академиясының  24 студенті  мен  олардың 2 оқытушысы «Амстердам-Атырау»  бағытында  ұшып келген.  Бұған дейін олар карантин енгізіліп,  рейстердің тоқтатылуына орай   Франкфурттан Қазақстанға жете  алмаған болатын.

Атырауда кадеттер  карантиндік оқшаулауға жатқызылып,  коронавирусты анықтау үшін сынама тест алынды. Тексеріс нәтижесінде  қауіпті инфекцияның жоқтығы анықталып, олар  қаладағы қонақ үйлердің біріне  үй карантиніне ауыстырылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button