ҚазақстандаСАРАПТАМА

МҰХТАР ЖӘКІШЕВ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

   «Бүгін Семей қаласының соты Мұхтар Жәкішевтің аппеляциялық шағымын қанағаттандырды» depti The Qazaq Times порталы .

 3 наурыз Семей қалалық сотының судьясы изолятордан тікелей эфир арқылы байланысқан Мұхтар Жәкішевтің созылмалы ісі туралы үкім шығарды. Сот отырысына республиканың әр аймағынан келген жүзге жуық белсенді қатысты. Жиналғандар қуаныштан көзіне жас алып, басқа да саяси тұтқындарды босатуын талап етуді күшейтуге келісті. Сарапшылар 2023 жылдың 20 мамырында босатылуы тиіс Жәкішевтің төртінші аппеляциялық шағымының қанағаттандырылуы – азаматтық қоғам талабының жемісі десе, тағы бірі «Тоқаевтың ел алдындағы ұпайын түгендеу» деп санайды.

Бұған дейін 1998-2009 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясын он жылдай басқарған Мұхтар Жәкішев 2010 жылдардың басында екі қылмыстық іс бойынша 14 жылға сотталған болатын. Оның ұзақ жылға сотталуын сарапшылар әртүрлі болжады: бірі 2000 жылдары оның экс-банкир Мұхтар Әблязовқа араша болғанын айтса, енді бірі оның уран өндірісінде Ресеймен бақталас болуын алға тартады.

2018 жылы мамырда медициналық комиссия қорытындысы бойынша, тұтқындағы Мұхтар Жәкішевке үшінші топтағы мүгедектік диагнозы қойылды. Оның төрт қызы мен ұлы бүгінде ержетіп үлгерген.

 Призидент Тоқаев отандық БАҚ-қа берген сұхбатында Жәкішев ісі туралы «Бұл тек соттың құзыретіндегі мәселе. Мен, әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты бірнеше рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергенін білемін. 3 наурызда сот отырысы өтеді. Соттың шешімін күтейік, оның әділ болатынына сенімдімін», – деген еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button