ҚазақстандаСАРАПТАМА

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ МА?

«Компанияның орталық аппаратының екі қызметкері коронавирустық инфекцияны жұктыруы мүмкін деген күдік болды. Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен  бір ұшақта болған. Екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған болатын. Қызметкерлер алгоритмге сәйкес COVID-19 бар-жоқтығын анықтау үшін тест тапсырды, оның нәтижелері теріс болып шықты. «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы» Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес аталған қызметкерлер «ықтимал байланыс» санатына жатқызылды. Қазіргі уақытта олар үйдегі карантинге орналастырылды.

2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға шалдыққан қызметкерлер анықталмады. ҚМГ-ның барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Бұдан басқа, мұнай мен газ өндіру, тасымалдау және мұнай өңдеу зауыттарындағы жұмыс қалыпты жағдайда жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз. Мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.

Біз осы мәселелерге байланысты барлық өзгерістер туралы жұртшылықты уақытылы хабардар етіп отыруға ниеттіміз», – делінген «ҚазМұнайГаз»  компаниясының баспасөз қызметі берген мәлімдемесінде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button