ҚазақстандаСАРАПТАМА

ҚОРДАЙДАҒЫ ЖАНЖАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ 90-ҒА ЖУЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

«Қордайдағы жанжалға байланысты шамамен 90 қылмыстық іс қозғалды», – depti ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев 19 ақпанда журналистерге.

«Жанжал шығарып, полицияға бағынбағандар бойынша үш адам анықталып, ұсталды. Іс сотқа жіберілді. Қарт кісінің соқыға жығылу оқиғасында да онда да кінәлілер анықталып, қамалды. Қалған арандатушылар мен айтақтаушыларға қатысты ақпаратты сәл кейінірек аласыздар. Себебі қазір тергеу жүріп жатыр» деді Марат Қожаев.

Ақпанның 7-і кешке Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер жанжалдасып, ресми дерек бойынша, 10 адам қаза тауып, 180-нен аса адам зардап шеккен. Кейін жанжал болған Масанчи ауылында қираған ғимараттан тағы бір адамның мүрдесі табылды. Полиция өлі күйінде табылған адамның кім екенін әлі айтқан жоқ.

Қордайдағы жанжал кезінде Қырғызстанмен шекараға жақын орналасқан, негізінен этникалық дүнгендер тұратын Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында, ресми мәлімет бойынша, 20 сауда орны мен 39 үй бүлініп, 47 көлік өртенді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button