АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ТЕҢІЗ КЕНІШІНДЕ COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 142 АДАМҒА ЖЕТТІ

  Коронавирус инфекциясының тағы  4 жаңа жағдайы Теңіз кенішіндегі жұмысшылардан анықталды, – деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Штабтың мәліметіне сәйкес, тоғыз науқастың барлығы  – Теңіз кен орнында жұмыс істейтін  мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Атап айтқанда,  олар  1977, 1984, 1983 және 1959 жылғы ер адамдар.

Covid-19 анықталғанға дейін, науқастардың барлығы  бұрын  коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан.  Жұмысшылардан  сынама  алынып, нәтижесінде  олардың да инфекция жұқтырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.  Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында  COVID-19 жұқтырғандар саны 206-ға жетті.  Оның ішінде 142 адам – Теңіз кенішіндегі жұмысшылар.  Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны – 76.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button