Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Теңізге батқан жігіт бір күннен соң табылды

6282a0ac01163045119082

Ақтауда суға батып кеткен жігіттің денесін бір күн өткен соң, 8 маусымда сүңгуірлер алты метр тереңдіктен тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, depti Lada.kz порталы.

Суға батып кеткен 2004 жылы туған жігіттің денесін таңертеңгі сағат 07:33 шамасында тапқан құтқарушылар жас жігіттің алты метр тереңдікте жатқанын айтты.

Кеше, 7 маусым күні Ақтауда 15-ықшамауданға қарама-қарсы аумақта Бейнеу ауданының 2004 жылы туған тұрғыны суға батып кеткен еді. Оның Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті екені анықталды. Бозбала қайтыс болғанға дейін 3Б шағын ауданындағы жатақханада тұрған. 

Exit mobile version