АТЫРАУДАҚазақстандаСАРАПТАМА

ВАХТАЛЫҚ КЕНТТЕ КАРАНТИН РЕЖИМІ ЕНГІЗІЛДІ, ЖҰМЫСШЫЛАР ҮЙЛЕРІНЕ ЖІБЕРУІН СҰРАУДА

  «Ватернас» вахталық кентінің қызметшілерімен әңгіме өткізілді, карантинде болу жағдайы бойынша түсінік берілді, – деп хабарлады Атырау облысында ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб. ​ ​ ​

Бұл жөнінде «Ватернас» вахталық  кентіне қызмет көрсететін компанияның ресми өкілі айтты. Оның айтуынша, Жылыой ауданы СЭС бас дәрігерінің қаулысы ресми түрде шығып, карантин режимі енгізілгесін, 10 сәуірде карантиндік режимнің жағдайы туралы​ оқшаулау блогына түсінік берілді.

Қызметкерлермен «Кентек» (базалық бизнес және ПБР бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігері) компаниясының басшылығы, сондай-ақ, «Ватернас» вахталық кентінің басшылығы кездесті.

«Кентек» компаниясының екі жүзге жуық қызметкерлері барлық сұрақтарын қойды, қажетті ақпаратты алды – карантин режимінде өзін оқшаулау туралы,-деді  «Аспан Қашаған»  ЖШС жобасының менеджері Әсем Ахметова. ​ ​ ​ ​ ​ ​

Қазіргі уақытта күн сайын карантиндік нысанның тұрғын блоктарына бірінші кезекте қажет тауарларды курьерлер жеткізеді. Медициналық маскалар қажетті көлемде бар, қорғану құралдарын карантиннің бірінші күнінде жұмыс беруші табыстады, сондай-ақ, «Ватернас» вахталық кентінің басшылығы да күн сайын беріп тұрады.

 Вахталық кентте екі дәрігер, фельдшер мен санитарлық дәрігер бар. Контактылық тұлғалардан анализ алу қорғаныс костюмдерін киіп, медициналық мекемелердің өкілдерімен бірлесіп жасалады. ​ ​ ​ ​ ​

– СЭС-тің нұсқаулығына сәйкес тамақ бөлмелерге бір мәрте пайдаланылатын ыдыспен жеткізіледі. Кеше таңертең тамақпен қамтамасыз етуде кідіріс болды, себебі, жағдай СЭС-пен қосымша талқыланған еді. Бірақ, барлығы бірден реттелді және кеше кэпмтің барлық резиденттерін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі реттелді,-деп Әсем Ахметова нақтылап айтты.

СЭС-тің нұсқаулығы бойынша карантиндегі тұлғалар толықтай оқшаулануы тиіс. Сондықтан, карантин кезінде тұрғын бөлмелерді жинауды резидентердің өздері жасайды – контакт болдырмау үшін. ​ ​ ​ ​ ​

Жайларды жинау және дезинфекция жасау үшін барлық қажетті материалдар және антисептиктер берілген. Әрбір бөлмеде санитайзерлер бар. ​

«Ватернас» вахталық кентінің әкімшілігі ахуалды бақылап отыр – «Кентек» ЖШС-нің, ТШО ЖШС-нің өкілдерімен, тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау Департаментімен, сондай-ақ, жергілікті билікпен бірлесіп. ​ Поселкенің қызметшілерімен карантиндік режимді сақтау жағдайы туралы түсінік беру жұмыстары алда да жалғасады,-деп қорытындылады Әсем Ахметова.

Айта кетейік, ғаламтор желісінде  «Ватернас» вахталық кентінің  жұмысшалары өздерін үйлеріне босатсын деген талап қойып, наразылық білдіріп жатырған бейнежазба тараған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button