Вице-премьер Ералы Тоғжанов зейнет жасын қысқарту мәселесі әлі де талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
«Мәселе талқыланып жатыр, мен бұл туралы айттым» деп жауап берді Ералы Тоғжанов үкімет отырысында.
Вице-премьер жыл соңына дейін Әлеуметтік кодекс қабылданып, оның аясында зейнет жасын қысқарту мәселесі қаралатынын атап өтті. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 60 жас, алты айға дейін ұлғайды. Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдан бастап көтерілді. Демек, 2027 жылға қарай ол ерлердегідей 63 жасқа жетуі мүмкін.