ӘлемдеҚазақстанда

МҰНАЙ МЕН ТЕҢГЕНІҢ БАҒАМЫ КҮРТ ТӨМЕНДЕП КЕТТІ

  Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы мамыр айындағы жеткізілімдер бойынша 33,4 пайызға құлдырап, барреліне 33,94 доллар болды.

Соңғы рет мұнай бағасы 2016 жылғы ақпанда баррелі 34 доллардан төмен болған еді.

Мұнай ОПЕК+ елдерінің Венадағы келіссөздер қорытындысында коронавирус салдарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісе алмағандығы белгілі болғаннан кейін күрт төмендеп жатыр.

Қара алтын бағасының күрт төмендеу еліміздің қаржы нарығына да керісі әсер етіп, нәтижесінде айырбастау пункттеріндегі доллардың теңгеге шаққандағы курсы 9 наурыздан бастап 400 теңгеге дейін шарықтап кетті.

«Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлеу үшін Премьер-Министр басқаратын шұғыл әрекет ету штабын құруды тапсырдым. Мемлекет өзінің барлық  міндеттемелерін толық орындайды. Қосымша жұмыс орындары ашылады», – depti экономикалық жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button