АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

АТЫРАУДА АРНАЙЫ ТОП ТЕҢІЗДІҢ ТАМАҒЫН ӨЛШЕДІ (+ВИДЕО)

✅Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен арнайы топ құрылып, Каспий теңізінің Жайыққа құяр сағасында өлшеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды аталған басқарманың баспасөз қызметі.

https://www.youtube.com/watch?v=CSGiz92MqHs

⭕Топ құрамына Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы, «Қазгидромет» мекемесінің Атыраудағы филиалының техник-гидролигі Фазилат Құсайынов, облыстық экология департаментінің бас маманы Әсима Қайыржанова, балық шаруашылығы саласының ардагері Санат   Тілепбергенов және табиғат пайдаланушы мекемелер мен бұқаралық ақпарат өкілдері кірді.

🟢Мақсат – теңіз тамағындағы су тереңдігін анықтау. Өлшеу жұмыстарын жүргізе келе, комиссия мүшелері теңіздің тамағы өте тайыз деген қорытындыға келді. Нақтырақ айтқанда, судың тереңдігі Жайықтан бір шақырым қашықтықта – 1,10 метр, 800 метр жерде –  0,75 метр, 500 метр тұста – 0,71 метр, 300 метр аумақта – 0,83 метр, ал, теңіздің ең аузында – 0,43 метрді құрады.

«Бұл – өте төмен көрсеткіш. Оның үстіне, бірнеше күннен бері теңіз жақтан жел есіп тұр. Демек, су келіп жатыр. Соның өзінде Теңіздің тамағы бітеліп жатыр. Ал, ертең су кері қайтқанда не болмақ? Сондықтан тез арада теңіз түбін қазу қажет. Әйтпесе, балықтар да, кемелер де тайыз судан өте алмайды. Бұл су астындағы тіршілікке де, балық кәсіпшлігіне де кері әсерін тигізеді. Осы сапар барысында жинақталған барлық материалдарды құзырлы орындарға жолдауды жоспарлап отырмыз» дейді аталған басқарма басшысы Артур Сәдібекұлы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото, видео автордікі

Тақырып бойынша мақалалар

Бір Пікір

  1. Қайта қайта өрт шығып жатыр.Бұл бір құдайдан белгі болар!
    Қудайдың сынағы деп көп айттық коронавирусты.
    Міне осы менің сынағым деп жатқандай Алла тағалам?
    Байқайсындарма индетсізде қанша шығын,өрт,жолапаты ,біреуді оттан,біреуді судан алып жатыр?
    Тоқтататын уақыт келген сияқты қолдан вирус ойынын!????
    Тоқтатың,ашың карантинди,жолдар емханалар ашылсын!жумыс жасайық ,тамақтар алып жейік,ақша тауып дәріге емделейік!
    Маскасыз жүрсек штраф толейміз!

Back to top button