«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Компанияда жасақталып, бекітілген және Атырау облысының бас санитарлық дәрігерімен келісілген талаптарға сай «Ембімұнайгаз» АҚ COVID-19 инфекциясын болдырмау мақсатында вахта жұмысына кіретін барлық  жұмысшыларға ПЦР- тест сынағын ұйымдастырды.

  «Құлсары қаласындағы жұмысшыларға жасалған тесттік сынақтың қорытындысы бойынша 12.05.2020 күні кешкі сағат 21.45-те «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бір қызметкерінде коронавирус инфекциясының белгісі анықталды. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық стансасына хабарланғаннан кейін, сол күні 24.00-де қызметкер мамандырылған  стационарға карантинге жатқызылды.  Контактіде болған барлық адамдар анықталуда.  Жылыой аудандық СЭС –тің келісімімен тесттік сынақтың қорытындысы бойынша «Жылыоймұанйгаз» МГӨБ вахта ауысымы жалғасатын болады» — depti           «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Бүгінгі таңда, «Ембімұнайгаз» АҚ –ның 1 120 қызметкері ПЦР — тест сынағынан  өтті. Өндірістік  құрылымдық бөлімшелердің жұмысшыларын кең қамту үшін жылжымалы зертхана Аққыстау ауылы, Мақат, Доссор кенттерінде және Жамансор стансасында ұйымдастырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: