КЕДЕЙ ЕЛДЕРГЕ КӨМЕКТЕСУ АГЕНТТІГІ ҮКІМЕТТЕН 138 МЛН ТЕҢГЕ СҰРАДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

KazAID агенттігі коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде ашылады. Оның алғашқы жарғылық капиталы ретінде мемлекеттік бюджеттен алғашқы 1 жылға 138 млн теңге алынады. СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Рәпіл Жошыбаев алдағы уақытта да ірі жобаларға тағы ақша керек болса, Үкіметтен сұрауға тура келетінін жеткізді.

«Бұл коммерциялық агенттік емес, пайда табу мақсатын көздемейді. Заң бойынша акционерлік қоғам құруға 138 млн теңге керек. Өзімізде де жарғылық капиталға қосатын жылжымайтын мүліктер бар. Агенттікте әзірге 15 қызметкер жұмыс істемек. Көбі Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, тілдік дайындығы, халықаралық бизнесте тәжірибесі бар мамандар. Кейін 25 адамға көбейтеміз. Бастама ретінде жаңағы қаржыны пайдаланып біздің диаспора тұратын Орталық Азия елдерінде әріптестерімізбен бірлесе әлеуметтік бағыттағы бірнеше жобаны жүзеге асырамыз. Ол – біздің тіліміздің өрісін кеңейту, тарату бағытындағы және медицина саласында студенттерді дайындау жұмыстары. Ары қарай тағы үлкен жобаларға қаржы керек болса Парламентке, Үкіметке ұсыныс жасап талқылаймыз. Мысалы, көрші бір мемлекетке мектеп, аурухана сияқты нысандар салу қажет болса, әрине, оны ақылдасып шешеміз», — depti елші. 

1 комментарий

  1. Атаңанәлеттерай, кедей елге көмектескенше кедей маған көмектеспейсіңдерме. Тоғыз балама өле өлгенше айтып кетер едім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: