АТЫРАУДА БІР ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 16 АДАМ СУҒА КЕТКЕН

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

15 мамыр күні Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында  «Атырау облысында суға шомылу маусымына дайындық және көпқабатты үйлердегі сақтық шаралары» тақырыбында онлайн бифинг өтті.

«Алдағы суға шомылу маусымы үшін тағы 16 жаңа жағажай ашу жоспарлануда, оның ішінде:

Атырау қаласында-4; Индер ауданында-1;

Құрманғазы ауданында-10; Жылыой ауданында-1.

Сонымен қатар, 31 орын қауіпті және 40 орын ретінде суға түсуге жабдықталмаған (жабайы жағажайлар) ретінде анықталды, онда 193 тыйым салу белгісі орнатылған.

Жалпы, жазғы шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті іс-шаралар қарастырылған», — depti Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы Өмірзақов Сағынбек Сиратұлы.

   2019 жылғы шомылу маусымында 16 адам суға кетсе, оның 5-еуі бала. Биылғы шомылу маусымы жаздың басынан соңына дейін созылады. Рұқсат етілмеген жерде суға түскен адамға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *