АХМЕТБЕК НҰРСИЛАНЫ АРНАЙЫ ЖАСАҚТЫҢ ҰСТАП ӘКЕТКЕНІ РАС ПА? (ВИДЕО)

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Әлеуметтік желілерге кеше кешке белгілі қоғам белсендісі, кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы құзырлы орган өкілдерінің ұстап әкеткені туралы қысқа видео тарап кеткен болатын.
«Мұны кәсіпкердің туыстары растап отыр», — деген еді Адырна порталы.
Алайда бүгін белгілі кәсіпкер өз YouTube парақшасында бұл оқиғаның елді елең еткізу үшін жасалынған «хайп» екендігін мойындады. Бұл оның «Сен» атты партиясын құру жолындағы әрекеті болып шықты.
Айта кетейік, Ахметбек Нұрсила Италияда бой тасалап жүрген оппозиция өкілі Ержан Тұрғынбаймен дебатқа шыққан еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: