ЕМБІЛІК МҰНАЙШЫЛАР МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН 4 МИЛЛИОН ҚАРАЖАТ ЖИНАДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы «Bizbirgemiz» жалпыхалықтық акцияға қолдау көрсетуді белсенді жалғастыруда. Бұл жолғы көмек су тасқынынан зардап шеккен оңтүстік өңірдің жұртшылығына жолданады. 

— Түркістан облысы Мақтарал ауданы тұрғындарының бүгінгі қиын жағдайына біздің ұжым бей-жай қарай алмады.Оларға қолдау көрсету мақсатында ембілік мұнайшылар аз уақыт ішінде өздерінің жалақылары  есебінен 4 миллионға жуық   қаражат жинады. Қаражат «Birgemiz-Atyrau» қоғамдық қоры арқылы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жұмсалмақшы. Ұжым мүшелерінің қолдауға зәру ағайынға  әрдайым көмек қолын соза білетін қайырымдылығын баса айтқым келеді,- деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары  Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.

Ембілік мұнайшылардың жалақылары есебінен  жиналған қаражат өзге атыраулықтардың Мақтарал ауданы тұрғындарына жіберетін кезекті гуманитарлық көмегіне қосылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: