АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ІНДЕТІНІҢ 23 ЖАҢА ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 792 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

23 науқас та  — Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, олар тиісті хаттамаларға сәйкес ем алады.

           Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.  Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

2020 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Теңіз кенішіндегі  42 мердігер мекеменің  қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының 712 жағдайы тіркелген. 92  вахталық аумақтың ішінде 22 індет ошағы анықталды. Ошақтарда ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кетейік, бүгінде карантиндік бақылауда  1725 адам жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: