ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫ АТЫРАУЛЫҚ АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым атыраулық ақ халаттыларға алғыс айтты,- деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дипломатиялық өкіл №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының атына алғыс хат жолдады:
«Құрметті Директор мырза, Атырау облысы Теңіз кентінде жұмыс істеу барысында коронавирус індетін жұқтырған алғашқы Түркия Республикасының азаматы Хаджы Чағларды №2 атырау облыстық ауруханасына емделуге жатқызу барысында көңіл бөліп, назар салғаныңызға ең алдымен Сізге, инфекциялық бөлімде қызмет етіп жатқан барлық дәрігерлерге, медбикелерге және барша медицина саласының қызметкерлеріне шын көңілден ризашылық білдіреміз.
Осыған байланысты, №2 Атырау облыстық ауруханасының атына Сізге алғыс хатымызды қосымшада қуанышпен жолдаудамыз» — делінген алғыс хатта.
Сонымен қатар Түркияның Қазақстандағы елшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне де ризашылығын жеткізді:
«Емделіп жатқан Хаджы Чағлардың қысқа мерізім ішінде сауығып, жұмысына қайта оралуына тілектестік білдіре отырып, COVID-19 індетімен күрестегі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына және халқына табандылық пен жетістіктер тілеймін»- деп ерекше ықыласын жеткізді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым.
Айта кету қажет, коронавирус инфекциясына талдау нәтежиелері оң нәтиже көрсеткен науқастарды №2 Атырау облыстық ауруханасына жатқызады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: