«КӨШЕ ПАРТИЯСЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қазақстанда «Көше партиясы» экстремистік ұйым деп танылды. Бұл қозғалыстың артына тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы жасырынған, — деп мәлімдеді Қазақстанның бас прокуратурасы.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы  2018 жылдың 13 наурызында экстремистік ұйым деп танылып, оның қызметіне Қазақстанның барлық аумағында тыйым салынды.

Прокуратура «ҚДТ» атауын «Көше партиясы» қозғалысына өзгерту фактісін анықтау үшін сотқа арызданды.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты прокуратураның арызын қанағаттандырды.

«Сот Қазақстанның бүкіл аумағында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының «Көше партиясы» деген жаңа атаумен, оның ішінде БАҚ, телекоммуникация желілерін, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейне-хостингтерді пайдалану, ақпараттық материалдарды тарату жолымен жұмыс істеуіне тыйым салды», — деп жазылған бас прокуратураның ресми сайты.   

Заңмен тыйым салынған аталған әрекеттерді жасағандар Қылмыстық кодекстің 182 (экстремистік топқа қатысу, жазасы –10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру), 258 (экстремизмді қаржыландыру, 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және 405 (экстремистік ұйымға қатысу, 6 жылға бас бостандығынан айыру) баптары  бойынша жауапкершілікке тартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: