ТЕҢІЗ КЕНІШІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫҢ БІР БӨЛІГІ ҒАНА ТОҚТАЙДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Қазіргі таңда «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өзінің өндірістік қызметін үзіліссіз жалғастырып жатыр» деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ТШО компаниясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

ТШО өндірістік қызметінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бұрынғыдай зор көңіл бөліп отыр. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыру көрсеткіші 77%-ті құрайды және ТШО жобаның жүзеге асырудағы «сыни жолдың» негізгі жұмыстарын қауіпсіз орындауға бағытталған шараларды іске асыруда.

 Еске сала кетелік, бұған дейін ҚР Бас санитариялық  дәрігері COVID-19 ауруының ушығуына байланысты  Теңіз кенішінің жабылуы мүмкін екендігін хабарлаған еді.

Алайда, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары Одағының Бас директоры Нұрлан Жұмағұлов: «Теңіз кеніші жабылады деген ой көпшілікті алаңдатты. Шын мәнісінде «ТеңізШеврОйл» компаниясының $38 млрд  қаражатқа жоспарлаған жобасының құрылыс жұмыстары тоқтайды. Аталған құрылыс жұмыстарына 20 мың адам жұмылдырылып, қарқыны 2020 жылға жоспарлаған. Ал мұнай өндіру процесстері автоматтандырылғандықтан әдеттегі жұмысын жалғастырады» – depti.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: