COVID-19 ЖЕҢГЕН ШЕНЕУНІК ДОНОР БОЛЫП АУЫР ХАЛДЕГІ НАУҚАСТАРДЫ ҚҰТҚАРМАҚ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қан плазмасын тапсырды. Бұл иммундық плазма короновирусты жұқтырып, ауыр халге түскен науқастарды емдеу үшін қолданылады.


«Мен бүгін ауыр халдегі науқастарды емдеу үшін қан плазмамды тапсырдым. Баршаңызға белгілі болғандай, мен короновирус індетінен жазылып шықтым. Қазіргі уақытта Алматы бойынша қауіпті індеттен жазылып шыққан 2 мыңдай тұрғын бар. Мен олардың барлығын Covid-19 қарсы антиденеге (антитела) қан тапсыруға шақырамын. Бұл әдіс тірі вакцинадай әсер беріп, емдейді. Донор болу – әр адамның парызы» — depti К.Надыров

Айта кету керек, короновируспен ауырғандардан антиденелерді жинау әдісі басталып кеткен.

Республикалық қан орталығының директоры Дилявера Бекированың айтуынша, бір айда 24 адам қан плазмасын тапсырған. Алайда, олардың тек қана  үшеуі донор атанған. Себебі тек осы 3 адамнан антиденелердің жоғары титры анықталған.  Камалжан Надыров барлық талаптарға сәйкес келіп, оның ағзасындағы антиденелер жоғары титр көрсеткен.

Плазмоферез (плазма талдау) әдісі кезінде бір адамнан 600 мл плазма алынып, инфекция жұқтырған адамға тек 200 мл пайдаланылады. Демек, бір донор короновирустан 3 адамды емдей алады. Бұл ғылыми әдістің адам үшін ешқандай зияны жоқ.

Осыған дейін, короновирусты емдеу үшін иммундық плазманың алғашқы доноры Қазақстаннан табылғаны айтылған. Қауіпті індетті жеңген болсаңыз, қан плазмаңызды тапсырып, өзгелерді құтқарыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: