АТЫРАУЛЫҚТАР ШПРИЦТЕРДІ ӨЗІНДІК ҚҰНЫМЕН САТЫП АЛА АЛАДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Brando» бірреттік шприцтерді өндіру бойынша зауыт басшылығы және «Социальная» дәріханалар желісі арасындағы келісім арқылы атыраулықтар шприцтерді өндіруші бағасымен ала алады

Еске салсақ, осыған дейін «Brando» бірреттік шприцтерді өндіру бойынша зауыт облыс орталығында тұрғындарға медициналық заттарды тегін тарату акциясын ұйымдастырған болатын. Компания барлығы 3 млн дана шприц таратуды жоспарлаған. Қазіргі таңда «Социальная» дәріханалар желісі зауыттан түрлі мөлшердегі 500 мың дана шприц сатып алған. Соның ішінде 200 мың данасы тұрғындар арасында сұранысқа ие – 5 мл көлемді шприц. Барлық медициналық заттар «Социальная» желісінің 6 дәріханасында сатылымға қойылды. Осы дәріханалардан 5 мл көлемді шприцті 15 теңгеге, 2 мл көлемді шприцті – 13 теңгеге, 10 мл көлемді шприцті 20 теңгеге, 20 мл көлемді шприцті 25 теңгеге сатып алуға болады.

 «Brando» зауытының басшылығы бізге өнімді өзіндік құнымен ұсынды. Біз өз тарапымыздан фармацевтерге кететін шығынды ғана қостық, бұл шамамен 2-3 теңге, өнімді сатылымға қойдық. Қазіргі таңда барлық дәріханаларымызда медициналық заттардың қажетті қоры бар. Қажет болса, зауыт шприцтерді тағы жеткізуге дайын», – depti «Социальная» дәраханалар желісінің директоры Берік Асқаров.

 Тұрғындардың ыңғайына қарай «Социальная» дәріханаларының мекенжайын еске салайық: Сәтпаев көшесі 25 (Музакедемия аялдамасы, ХҚКО жанында), Сәтпаев көшесі 22 (ҰҚК ғимаратына қарама қарсы), Жарбосынов көшесі 85 («Байзар» БО қарама қарсы), Махамбет көшесі 116 (Драма театры қиылысында, «Ломбард-Жайық» маңы), Алмагүл ы/а 5А («Бақдәулет» СҮ жанында), Привокзальный ы/а 3А-4А («Грантқа» қарама қарсы, «Мұрагер» базарының маңы).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: