2020 жылдың 17 шілдесінде Тайманов көшесі бойында жергілікті уақыт бойынша сағат 19:21-де «Қазазер» ЖШС-нің көлік жөндеу орталығында өрт шықты.
Ғимараттың ішінде 8 жеңіл автокөлік болған, олар отпен толығымен жойылды.
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 15 қызметкері мен 4 техникасы күшімен 20:00-де өрт ауыздықталып сағат 20:41-де толығымен сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт себебі анықталуда.

Атырау облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
Қайта қайта өрт шығып жатыр.Бұл бір құдайдан белгі болар!
Қудайдың сынағы деп көп айттық коронавирусты.
Міне осы менің сынағым деп жатқандай Алла тағалам😢
Байқайсындарма индетсізде қанша шығын,өрт,жолапаты ,біреуді оттан,біреуді судан алып жатыр😢
Тоқтататын уақыт келген сияқты қолдан вирус ойынын!😢😢😢😢
Тоқтатың,ашың карантинди,жолдар емханалар ашылсын!жумыс жасайық ,тамақтар алып жейік,ақша тауып дәріге емделейік!
Маскасыз жүрсек штраф толейміз!