АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДӘРІНІ ҚЫМБАТТАТҚАН СЕГІЗ ДӘРІХАНАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысы прокурорының бас көмекшісі Қанат Қабдоловтың айтуынша, қазіргі уақытта дәрілерді спекуляциялау фактілері  және бағаларын бірнеше есе көтеріп сату деректерін анықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  Облыс прокурорының тапсырмасымен құқық қорғау және мемлекеттік органдарынан бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Бүгінде, дәр-дәрмекті қымбат бағада сатқан 30 дерек анықталып, 8 дәріхананың әрбіріне 361 140 теңге айыппұл салынды. Атап айтсақ:

1. ЖК «Джубатканова»,  «Нұрсая» мөлтек ауданы, 15 «е» мекен жайы бойынша орналасқан;

2. «НьюФарм» ЖШС ,  «Нұрсая» м/а, 51;

3. «НьюФарм»ЖШС, «Нұрсая» м/а 68;

4. ЖК «Куанышева», «Әкежан» дәріханасы, Махамбет ауданы,  Есмағамбетова көшесі;

5. ЖК «Искиндирова», Мақат ауданы,  Доссор ауылы, Шаримова к., 4;

6. ЖК «Витаминка», Мақат ауданы, Мақат ауылы,  Жұмашева көшесі;

7. ЖК «Искалиева», «Ернур» дәріханасы, Индер ауданы, Индербор ауылы, Қонаева, 13;

8. ЖК «Искалиев»,  «Гайни» дәріханасы, Индер ауданы, Индербор ауылы, Майдырова, 1-14.

Осы бағытта жұмыстар жалғасады. Прокуратура дәр-дәрмек бағасының қымбаттау фактілері бойынша +7 708 421 61 47 (WhatsApp)  нөміріне хабарлау керектігін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: