АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ РЕЖИМІН БҰЗҒАН 81 ДЕРЕК АНЫҚТАЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Ауыр эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, шектеу режимін ең көп бұзған Атырау қаласының тұрғындары болып отыр. 12-13 шілде аралығында Атырау облысы бойынша жүргізілген рейд барысында Атырау облысында карантиндік шектеу режимін бұзудың 175 дерегі тіркеліп отыр», — деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Мәселен, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «үйге жеткізу» қағидатымен ғана жұмыс істеуге рұқсат бергеніне қарамастан, ​ мейрамхана, кафелер келушілерді жабық ғимарат ішінде тамақтандыруды жалғастырған. Аталған жағдай тоғыз жерде анықталып отыр.

Сондайқ ақ, рейд барысында 24 азық-түлік дүкенінің бекітілген жұмыс уақытынан тыс мезгілде ​ саудамен айналысқаны белгілі болды. Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенгеніне қарамастан, топтанып жүрудің 26 дерегі, отбасылық ​ шара ​ өткізудің бір дерегі тіркелді.

Карантиндік талаптарды сақтамау деректері Жылыой ауданында да көптеп кездесіп отыр. ​ Аудандағы ауыр эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, той, садақа түріндегі 5 отбасылық шараның өткені анықталды.

Сенбі, жексенбі күндері қозғалысқа толықтай тыйым салынғанына қарамастан, көшеде себепсіз жүрудің 30 дерегі тіркелді. Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақытынан тыс мезгілде сауда жасауы бойынша, Индер ауданында 4, Құрманғазы ауданында 3 дерек анықталып отыр.

Карантиндік шектеу режимі тек Мақат ауданында ғана бұзылмаған.

Тізбекке шаққанда, карантиндік шектеу талаптарын бұзудың Атырау қаласында 81, Жылыой ауданында 37, Индер ауданында 4, Исатай ауданында 14, Қызылқоға ауданында 7, Құрманғазы ауданында 23, Махамбет ауданында 9 дерегі ​ анықталып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: