АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА ҚЫТАЙДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

15 шілде күні Атырау облысына Қытайдан гуманитарлық көмек келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті және Қоғамдық Бақылау Ресми тобы келіп жеткен көмекті қабылдап алу, жүкті түсіру, санау жұмыстарына тікелей қатысты және олардың медициналық ұйымдарға бөлінуін бақылайтын болады. Қытай тарапы Атырауға 47 990 медициналық тауар жеткізді, оның ішінде 1 600 медициналық қорғаныш комбинезоны, 3 700 қорғаныш көзілдірігі, 8 200 бір реттік қолғап, 50 контактісіз инфрақызыл термометр, 5 700 медициналық және 29 040 хирургиялық маскалар болды.

​Тексеру барысында жетіспеушіліктер анықталмады. Бұл тауарлар Геолог емханасында орналасқан Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жіберілді. Алынған қорғаныс құралдарын жақын арада олардың қажеттіліктерін ескере отырып, Атыраудың медициналық ұйымдары бойынша бөледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: