ҚАТАҢ РЕЙД: АТЫРАУЛЫҚТАРҒА 10 МИЛЛИОННАН АСА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сәдуақас Байғабулов карантиндік шектеулер мен салынған айыппұлдардың негізгі бұзушылықтарына түсініктеме берді.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген карантиндік шараларды сақтау бойынша мобильдік топтардың рейдтік тексерулері барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 10 млн.028580 теңгеге 54 әкімшілік іс қозғалды. Олардың ішінде 26 айыппұл жеке тұлғаларға салынған, олардың ішінде 8-і ШОБ байланысты емес нысандарға, 18-і объектілерде өзінің тікелей жұмысын орындау кезінде карантиндік шараларды бұзған жеке тұлғаларға салынған. Негізінен бұзушылықтар жабық нысандарда  маскалық режимді сақтамау, түшкіру, жөтел кезінде респираторлық мәдениетті сақтамау, әлеуметтік қашықтықты сақтамау болып табылады. Жеке тұлғаларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн 83 мың 420 теңгені (1 083420 теңге) құрайды.

Сондай-ақ, 28 заңды тұлғаға әкімшілік шаралар қолданылды, атап айтқанда 21 азық-түлік дүкендерінің иелеріне, 4 қоғамдық тамақтану және  3 КЖО объектілеріне. Жалпы сомасы 8945160 теңге.

Осылайша, рейдтік тексеру барысында 1076 объект қамтылып, нәтижесінде 54 бұзушылық фактісі анықталды.

21.07.2020 жағдай бойынша. Барлығы 7 әкімшілік іс қозғалды , оның ішінде 5-і ЖК, 2-і жеке тұлғаларға.

Құқық қорғау органдарының материалдары бойынша ҚР ӘҚБК-нің 802 бабының 2-тармағына сәйкес мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 5 әкімшілік іс қозғалды: 1.»Super Marco» Супермаркеті 2.»Алина» дүкені 3. «Жайлан» дүкені 4. «Інжу» дүкені. 5. «Игілік дүкені «.

Жеке тұлғалар: 1. «Монте Бьянко» дүкенінің сатушысы 2.»Мегател» ұялы телефон дүкенінің операторы.

Ақпарат үшін: Исатай ауданында карантиндік шараларды сақтамағаны үшін «Інжу» және «Игілік»дүкендерінің иелеріне шектеулі жұмыс уақытын сақтамағаны үшін 638940 теңге көлемінде 2 айыппұл салынды.

Сонымен қатар, мобильді топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осылайша, рейдпен қамтылған 1050 нысанның 14 нысаны   ТКҚСҚБД ұсынысы бойынша анықталған бұзушылықтар рейд жүргізу кезінде  жойылды ( ШОБ объектілері өз бастамасы бойынша жұмысын тоқтатты, есік тұтқаларын, сауда сөрелерін, кіреберістерді, қоқыс жәшіктерін өңдеу арқылы дезқұралдарды қолдана отырып, ылғалды жинау жүргізілді).

Басқа нысандарда гигиеналық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық әңгімелесу өткізілді, карантинді сақтау бойынша көрнекі құралдармен, брошюралармен танысты.

Басқа нысандарда гигиеналық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Рейд барысында  карантиндік шаралардың  сақталуы туралы көрнекі құралдармен, кітапшалармен танысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: