АТЫРАУДА РЕЙД: 106 ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысы бойынша карантиндік шаралардың сақталуына мониторинг жүргізу үшін барлығы 67 мобильді топ жұмыс істейді, олардың құрамына ТКҚСҚБ департаментінің, құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың  , «Атамекен» ҰКП  мамандары кірді.

 2020 жылдың 5-28 шілде аралығында Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген карантиндік шараларды сақтау бойынша мобильдік топтардың рейдтік тексерулері барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 29 млн.449930 теңгеге 106 әкімшілік іс қозғалды. Олардың ішінде 55 айыппұл жеке тұлғаларға салынған, олардың ішінде 14-і ШОБ байланысты емес нысандарға, 41-і объектілерде өзінің тікелей жұмысын орындау кезінде карантиндік шараларды бұзған жеке тұлғаларға салынған. Негізінен бұзушылықтар жабық нысандарда  маскалық режимді сақтамау, түшкіру, жөтел кезінде респираторлық мәдениетті сақтамау, әлеуметтік қашықтықты сақтамау болып табылады. Жеке тұлғаларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 млн 291 мың 850 теңгені (2291850) құрайды.

Сондай-ақ, 51 заңды тұлғаға әкімшілік шаралар қолданылды, атап айтқанда 36 азық-түлік дүкендерінің иелеріне, 4 қоғамдық тамақтану, 1 ұялы байланыс дүкені, 1 компьютерлік ойын клубы,  және  4 КЖО, 1 құрылыс дүкені, 1 супермаркет дүкені, 3 жанармай құю бекеті объектілеріне. Жалпы сомасы 27.158080 теңге.

Осылайша, рейдтік тексеру барысында 1243 объект қамтылып, нәтижесінде 106 бұзушылық фактісі анықталды.

28.07.2020 жағдай бойынша. Барлығы 7 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 1-і ЖК, 6-і жеке тұлғаларға.

Құқық қорғау органдарының материалдары бойынша ҚР ӘҚБК-нің 802 бабының 2-тармағына сәйкес мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 1 әкімшілік іс қозғалды: 1. Азық-түлік дүкені иесі атына.

Жеке тұлғалар: 6 құқық бұзушылық дүкенінің сатушыларына.

Сонымен қатар, мобильді топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осылайша, рейдпен қамтылған 1243  нысанның 106 нысаны   ТКҚСҚБД ұсынысы бойынша анықталған бұзушылықтар рейд жүргізу кезінде  жойылды ( ШОБ объектілері өз бастамасы бойынша жұмысын тоқтатты, есік тұтқаларын, сауда сөрелерін, кіреберістерді, қоқыс жәшіктерін өңдеу арқылы дезқұралдарды қолдана отырып, ылғалды жинау жүргізілді).

Басқа нысандарда гигиеналық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық әңгімелесу өткізілді, карантинді сақтау бойынша көрнекі құралдармен, брошюралармен танысты.

Басқа нысандарда гигиеналық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Рейд барысында  карантиндік шаралардың  сақталуы туралы көрнекі құралдармен, кітапшалармен танысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: