АТЫРАУДА ТҮЗЕТУ КОЛОНИЯСЫНДА ЖАТҚАНДАР АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/9 (ерлер түзеу мекемесі) және УГ-157/11(әйелдер түзеу мекемесі) мекемелерінде «Шапағат» Қоғамдық қорымен бірлесіп Абайдың 175 жылдығына орай Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абайдың қара сөздері – асыл қазына» атты сайыс өткізілді.

         Сайыста жазасын өтеушілер алдымен Абайдың өлеңдерінің жалғасын тапса, екінші кезеңде қара сөздердің жалғасын жазып, мағынасын түсіндірді. ақтық мәреде Абайдың «Китабун Тасдық» еңбегінен үзінді қойып, мағынасын ислам ғұламаларының еңбектерінен мысал келтірді.

— Өткізген шараның басты мақсаты — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ақпараттық имиджін қолдау және Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын насихаттау болып табылады. Сотталғандар арасында оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыра отырып, біз олардың тезірек түзелеуіне қол жеткізе аламыз. — деп хабарлайды Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі.

        Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді нақышына келтіріп, шығарманың мазмұнын толық аша алатындай оқу шеберлігіне, қара сөздерін нақты тез арада ойлап табуына, ақынның көркемдігі өте жоғары, гуманистік мазмұндағы шығармаларын таңдау ерекшелігіне баса назар аударылды. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздарға тоңазытқыш, микротолқынды пеш және ақшалай сыйлықтар, сонымен қатар, қатысушылар мен жеңімпаздарға «Шапағат» Қоғамдық қорынан грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: