ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАР

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Әлеуметтік желілерде «Әскери билет пен жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген хабарламалар таралған болатын.

Өзін біресе Ресейлік, біресе елордалықпын деп таныстырған Заур есімді азамат Отан алдындағы борышты өтемей-ақ әскери билетке ие болудың оңай  жолын ұсынған. Ал оның қызметін пайдаланғандар арасында Telegram желісінде жағымды пікір қалдырып, Заурға алғысын білдіргендер қатары көп.

Бұл алаяқтықты «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсе мамандары мониторинг нәтижесінде анықтаған. 

WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы хабарласқан жобалық кеңсе қызметкерлеріне жауап берген белгісіз Заур есімді азамат  жүргізуші күәілігін  категорияға байланысты 60 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін жасап бере алатындығын  жазған. Ал, әскери ақ билетті алу үшін  100 000 теңге төлеу қажет екен. Алаяқтың жалған құжат алып берудегі тәсілі де қарапайым . Алдын- ала 50% көлемінде төлем төлейсіз, қалған бөлігін құжат дайын болғанда аударасыз. Қажетті  құжатты үйіңізге дейін жеткізіп береді.

Атырау облысы бойынша мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету  орталығының басшысы Едіге Амангелдіұлы  «бұл ақпараттың жалған екендігін және заңсыз жолмен заңсыз құжатты жасау мүмкін еместігін» айтты.

Қазір бұл істі құзырлы органдар бақылауына алды. Жалған құжат жасауды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың кімдер екендігі анықталып жатыр.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент өкілдері тұрғындарды алаяқтықтың құрығына түсіп, сан соғып қалмауға шақырады!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: