БАРЛЫҒЫ 233 319: АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ӘР ҮШІНШІ АДАМ ПТР ТЕСТТЕН ӨТКЕН

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустың екінші толқынына дайындықты пысықтауға қатысты өткен селекторлық кеңесте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Асылбек Шаров айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

​ «Облыс көлемінде COVID-19 инфекциясына анықтауға қатысты 233 319 ПТР тест жасалған, нәтижесінде 11 023 жағдай расталып отыр. ​Біздің өңір тест өткізу бойынша елімізде көшбасшылардың бірі. Сондықтан статистикаға сүйенер болсақ, облыстың әрбір үшінші тұрғыны тест тапсырған деуге болады. Бірақ, жұмыс барысымен біздің өңірде жүрген өзге өңір азаматтары да бар. Алайда олар біздің облыстың статистикасына енді.
Бүгінгі таңда аумақтағы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын зертханалар қорында 161 682 тест сынамасы бар және 126 700 тест сынамасын алу жоспарланып отыр,​ — деді Асылбек Шаров.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ПТР әдісі арқылы зерттеу жүргізетін 2 мемлекеттік, 4 жекеменшік зертхана және Теңіз кенішінде екі зертхананың филиалдары барлығы 8 орталық жұмыс жасауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: