АУРУХАНАЛАР АСХАНАСЫ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ (ВИДЕО)

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» акция аясында «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлері жергілікті БАҚ қызметкерлерімен бірлесіп Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты облыстық балалар ауруханасы мен облыстық тері және венерологиялық диспансеріне қоғамдық бақылау жүргізді.

Қоғамдық бақылау мақсаты науқастарды тегін сапалы тамақпен қамтылуын, азық-түлік өнімдерін алу жолдары және бөлінген қаражаттың мансапты жұмсалуын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі №186 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» сақталуын бақылау.

Алғашқы нысан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің айтуынша, 9 ай есебінде тамаққа жұмсалған ақша 17.000 000 млн теңге, жылдың аяғына қаражатты жетпеген соң 4 000 000 млн қосымша ақша сұратылғанын және науқастың күндік шығыны 410-415 теңгеден келетінін жеткізді.
Ауруханада Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационында витаминді-минералды кешенмен байытылған тағам өнімдері қолға алынбаған. Балалар ауруханасында екі аптаға арналған перспективті маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірі мен апталық ас мәзірі жасақталынған. Алайда ас мәзірінде атауы бірдей тағамдар, гарнирлер немесе аспаздық өнімдер бір күн ішінде және келесі 2-3 күн бойына бірнеше рет қайталанбауы керек деген талапты ем-дәм мейірбикесі өрескел бұзып, бір жұма бойы 3 жастан жоғары балаларға және ата-аналарға қара шайды қантсыз, қантпен, сүтсіз, сүтпен деп алмастырғаны анықталды.
Келесі бақылау жұмыстары облыстық тері- венерологиялық диспансерінде жалғасты. Бақылау барысында аурухана асханасы типтік стандартқа сай жасақталмағандығы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмайтындығы байқалды. Мәселен, асхана жабдықтарында санитарлық талаптар ескерілмеген. Ауруханада түтінді ішке тартатын сүзгілеу және салқындатуға мүмкіндік беретін қорқор орнатылғанымен, бақылаушылар тоққа қосқанда жұмыс жасамайтындығы анықталды.
Ауруханада ас мәзірі мүлде жасақталмаған. Ет мөлшері бір адамға 40 гр деп есептегенде 32 адамға 1кг 280 гр ет болу керек, алайда, асханада мөлшері 0,5 кг етті кешкі асқа дайындауда.
Анықталған кемшіліктер бойынша, жобалық кеңсе облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолдады. Ұсыныстың орындалысы адалдық алаңының басты назарында болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: