АТЫРАУДА ЕКІ КҮННІҢ ІШІНДЕ 17 ЖЕҢІЛ ЖҮРІСТІ ҚЫЗ АНЫҚТАЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Республикалық «Учаске» жедел профилактикалық алдын алу іс-шарасы жалғасуда, — деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тек екі күнде қаладағы «Авангард»,» Алмагүл» және «Вокзал маңы» ықшам аудандары мен Абай, Махамбет көшелеріндегі көп қабатты үйлердің пәтерлерлерінде клиенттерге «қызмет көрсетумен» айналысуды кәсіп еткен 17 қызды анықталды
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «қоғамдық орындарда сексуалдық сипатта қызметтер көрсету», 492-бабы «ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жеке басы құжаттары жоқ 4 бойжеткен полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Сонымен қатар, осы пәтерлерді жалға берген пәтер иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру» бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жауапкершілікке тартылды «Учаске» профилактикалық жедел шара 1 желтоқсанға дейін жалғасуда.

Фото ашық дереккөзден алынды

Просмотров: