КЕЗЕКШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНАН СOVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, —  depti Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

«14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы — мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді», — деді Кожахметов.

Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық. Онымен бірге 12 бала оқыған. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.

Фото ашық дереккөзден алынды

Просмотров: