АМӨЗ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНЕН СУ АЛУДЫ 30 %-ҒА ҚЫСҚАРТАДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау қаласының қоғам белсенділері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдерімен және Атырау мұнай өңдеу зауытының (бұдан әрі – АМӨЗ) қызметкерлерімен бірлесіп АМӨЗ экологиялық жобаларымен танысты.

Баспасөз туры барысында қатысушыларға АМӨЗ-ді ауқымды жаңғырту кезеңінде салынған азот өндірілетін қондырғы туралы айтылды. Төмен температуралы ректификация әдісімен азот қондырғысы атмосферадан алынған ауаны 2 фракцияға бөледі: техникалық азот және оттегі. Бұл өз кезегінде аймақтағы ауа сапасының жақсаруына әсер етеді.

«Біз азотты өндірістік мақсатта қолданамыз, ал таза оттегіні атмосфераға шығарамыз. Атырау МӨЗ – ден жыл сайынғы оттегі экоэмиссиясы 10 мың тоннаны құрайды, бұл ретте оттегінің тазалық дәрежесі 99,9%-ға жетеді», — деп хабарлады баспасөз туры барысында АМӨЗ техникалық бөлімі бастығының орынбасары Наиль Хакимов. – «Салыстыру үшін, бір ересек ағаш жылына 120 кг оттегі шығарады, осылайша АМӨЗ дегі азот қондырғысы 80 мыңнан астам ағашы бар орманның мүмкіндіктеріне тең оттегі мөлшерін шығарады».

АМӨЗ-де өндірілетін оттегінің ГОСТ 5583-78 талаптарына сәйкестігі АМӨЗ-ден газ үлгісі жіберілген «Аспан» ЖШС (Орал қ.) химиялық-талдау зертханасында анықталды. Зертханалық зерттеулер сонымен қатар зауыттық оксигеннің сапасы «медициналық» оттегінің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін растады.

Сондай-ақ, қатысушылар «Сасық сай» булану алқабына барып, «Tazalyq» табиғатты қорғау іс-шаралары жобасы бойынша жұмыс барысымен танысты.

Пресс-тур барысында қатысушыларға зауыттың механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарының барлық қажетті нормалар мен талаптарға сәйкес келетін және үнемі жаңғыртудан өтетін технологиялары мен жұмыс істеу қағидалары туралы айтылды. Сонымен қатар, бүгінде АМӨЗ-де қолданылатын технологиялар Ағынды суларды барынша зарарсыздандыруға және олардағы зиянды заттар мен қоршаған орта үшін қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, булану алқаптары 70% — ға қалалық ағындармен және 30% — ға АМӨЗ-ның ағындарымен толығады. Бұл ретте қалалық ағынды суларды ағызу жүйесі зауыттық жүйеге қарағанда тазартусыз жүзеге асырылады. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жергілікті органдар қалалық кәріз-тазарту құрылыстарын салуды бастады, оларды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. АМӨЗ тарапынан үш кіші жобаны қамтитын «Tazalyq» жобасын іске асыру туралы шешім қабылданды:

  • Механикалық тазарту құрылыстарын жаңарту;
  • Биологиялық тазарту құрылыстары мен тазалау блогының құрылысын қайта жаңғырту;
  • Нормативтік тазартылған ағын су каналын қайта жаңарту және булану  алқаптарын рекультивациялау

Қазіргі уақытта тазарту құрылыстарын қайта жаңарту бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін зауыттан булану алаңдарына төгінділер тазартылған суды кәсіпорынның қайта пайдалануына байланысты қайтарғандықтан 50% — ға қысқарады, ал Жайық өзенінен су алу 30% — ға қысқарады. Жобаны 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, әлеуметтік-жауапты компания бола отырып, сондай-ақ АМӨЗ экологиялық ашықтық қағидаттарын ұстану мақсатында сағат сайын онлайн режимінде деректерді экопосттардан (АМӨЗ санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан атмосфералық ауа сапасын бақылаудың автоматты станциялары) «Қазгидромет» РМК-ға және қаланың электрондық таблоларына жіберіледі. Осылайша, қаланың әрбір тұрғыны нақты уақыт режимінде зауыт аумағындағы атмосфералық ауаны сипаттайтын азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутегі, күкіртті ангидрид және көмірсутектер концентрациясы экологиялық көрсеткіштерін көре алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: