АТЫРАУДА ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ОТЫРҒАН КҮДІКТІГЕ ЗАҢСЫЗ СӘЛЕМДЕМЕ ЖЕТКІЗБЕК БОЛҒАН

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

21 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде сәлем-саухаттарды тексеру барысында қаймақтың ішіне жасырынған өзіне тән иісі бар, жасыл түсті шөп табылды.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде мекемеде ҚР ҚК 99 бабы бойынша ұсталынып отырған 18 жастағы күдіктіге арналған заңсыз сәлемдеме жетпеді. Мекемеге Атырау облысы Полиция Департаментінің Жедел-тергеу тобы шақырылып, күдікті азамат ұсталды, — дейді УГ-157/1 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек РАХМАНОВ.
24-жастағы «курьер» ұсталып, тергеу амалдары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: