АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-НЫҢ ЖАҢА БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына әділет полковнигі Манарбек ҒАБДУЛЛИН тағайындалды.

Манарбек Ғабдуллин ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Алғашқы жұмысын учаскелік инспектордан бастаған, одан кейін бөлімше инспекторы, бастықтың орынбасары, учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор, Орал ҚІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған.  2006 жылдан – БҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының (қазіргі әкімшілік полиция басқармасы) бастығы. 2013 жылы Орал қалалық ІІБ бастығы болды. 2016-2018 жылдары – БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: