АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІН ТОЙЛАУ ЖЫЛДАҒЫДАН ЕРЕКШЕЛЕНБЕК

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай өткізілетін көпшілік шаралар онлаин режимімен ерекшеленбек, — depti Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айталық, 2 қазан күні «Атырау қаласы әкімінің кубогы» үшін шахматтан ашық турнир өткізілсе, қала халқына арналған «Туған күніңмен сүйікті қалам-Атырау!» атты мерекелік концертін де жұртшылық теледидар арқылы тамашалай алады.

Онлайн шаралардан бөлек, қаланың 380 жылдығының құрметіне өткізілетін негізгі шаралар қатарында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Нұрсая» ықшам ауданында спорт алаңын ашу, «Балықшы» кентіндегі саябаққа 380 түп жеміс ағашын егу (жалпы қала бойынша 4000 көшет) және жастар саябағын ашу жоспарланған.

Айта кетейік, қаламыздың биылғы мерейтойы ресми түрде 2 қазан күні ғана атап өтіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: