Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн түрде дауыс берді

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов праймеризге қатысып жатқан үміткерлерге онлайн түрде дауыс берді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы аз уақыттың ішінде праймериз қоғамда ең жиі талқыланатын тақырыптың біріне айналғанын атап өтті. Оның сөзінше, облыста аталған саяси доданың ашық әрі бәсекелестік негізде жүзеге асуына барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, праймеризге қатысушылардың барлығына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде және ашық пікірсайыс кезінде тең және ашық мүмкіндік берілді. Елімізде алғаш рет өтіп жатқан партияішілік іріктеуге Атырау облысы бойынша 408 адам ұсынылып, оның 404-і кандидат ретінде тіркелген болатын. Праймеризге барлық саланың өкілдері қатысып, өңірдің өзіне тән мәселелеріне негізделген бағдарламаларын жасап, бақ сынауда. 

«Нұр Отан» Партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былтыр 17 тамыз күні «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партияның кеңейтілген Саяси кеңес отырысында партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында партияны заманға сай түлетуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та мемлекеттік және сайланбалы органдардың жауапкершілігін арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеді. Осы праймериз арқылы, ең бастысы, мемлекетшіл, іскер, әділ, белсенді сондай-ақ білімді көшбасшылар іріктеліп шығады деп сенемін», – деді өңір басшысы. 

Праймеризге қатысып жатқан үміткерлерге сәттілік тілеген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов партияластарын белсенді түрде дауыс беруге шақырды. Мұнайлы облыстың мәслихатына өңірдің тіршілігіне бей-жай қарамайтын, аймақтағы мәселелерді жетік білетін, сондай-ақ өңірдің ары қарай дамуына барын салатын белсенді, білікті және іскер азаматтардың келеріне сенім білдірді. 

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша бүгіннен, яғни 3 қазаннан бастап 83 дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады. Олардың әрқайсысы үшін 5 адамнан тұратын учаскелік есеп комиссиялары құрылды, жалпы саны 250 адамнан асады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: