Мамырда неше күн демаламыз?

1551338505 kuntizbe 696x464 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалатыны белгілі болды.

Бұл туралы «Спутник Қазақстан» жазады. Мамырда үш мереке бар: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қазақстандықтар 1-3 мамыр аралығында демалады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр – сенбі. 9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге дөп келіп тұр. Сондықтан мерекелік демалыс күні дүйсенбі, 10 мамырға ауысады.

Осылайша мамырда 13 күн демалыс болады.

Қазақстандықтар мамырда наурызбен салыстырғанда бір күн артық демалады.