ҚАЗАҚСТАНДА КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫ БОЙЫНША ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ АУКЦИОН ӨТЕДІ

dfeccced 6062 4e3c 8f68 fd14b1888891 rw 1920
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион электрондық аукциондар операторының www.gosreestr.kz сайтында өткізіледі,- деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион 2020 жылғы 23 желтоқсанда өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Аукцион арқылы 10 учаскені сату жоспарлануда.
Аукционға өтінімді 29 қарашаны қоса алған мерзімге дейін электрондық аукциондар операторының www.gosreestr.kz сайтында аукционға қойылған учаскелер бойынша беруге болады.

Фото ашық дереккөзден алынды