Әлемде

17 ЖЫЛДАН БЕРІ ӨЛГЕН ЖАРЫНЫҢ ЖАНЫНДА ТҮНЕП ЖҮР

Вьетнамдық Ле Ван 2003 жылы әйелінен айрылып, оның қазасына қатты қайғырыпты. Ол барлық уақытын зиратта өткізе бастаған. Тіпті әйелінің қабірінде түнеп жүреді. Кейін күн суытып, ашық далада түнеу қиынға соққан кезде Ле Ван әйелінің қабірінің қасынан туннель қазады.

«Мұны білген балалары қатты үрейленіп, әкелеріне зиратқа келуге тыйым салса керек. Осыдан кейін оған тағы бір ой келеді. Ол әйелінң сүйегін қазып алып, гипс пен цемент арқылы мүсінге айналдырған. Міне, содан бері ол мәйітті құшақтап, бір төсекте ұйықтап жүр» – depti fakty.ua.

Ле Ванның балалары бұл әрекетті құптамаған. Оған анасының сүйегін «мәңгілік мекеніне» қайтаруды талап еткен. Net News Vietnam басылымының хабарлауынша, көршілері де Ле Ванның үстінен шағым айтып, жергілікті билікке бірнеше рет шағымданған. Соңғы екі жылдан бері тек мүгедектер арбасымен жүретін жарымжан адам полицияға «марқұмның сүйегін зиратқа қайтарамын» деп уәде берсе де, оны орындамай келеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button