Әлемде

Бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді

Африкалық Мали елінің тұрғыны бірден тоғыз баланы дүниеге әкелд. Оның бесеуі қыз және төртеуі ұл. Ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Халима Сиссе Мали астанасы Бамако ауруханасында екі апта болған. Кейін ол наурыз айының соңында ел президенті Ба Ндаудың жарлығымен Марокко клиникасына ауыстырылған.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Х.Сиссе 2021 жылдың 4 мамырында Малиде де, Мароккода да жүргізілген ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған 7 сәбидің орнына 9 нәрестенің операция арқылы дүниеге келгенін үлкен қуанышпен хабарлайды. Жаңа туған нәрестелер мен анасы өздерін жақсы сезінеді», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі хабарламасында.

Малидің Денсаулық сақтау министрі Фанта Сиби екі елдің дәрігерлерін құттықтады. Жаңа босанған келіншектің жасы 25-те. Бірнеше аптадан кейін олар Малиге қайта оралады.

Марокко Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Рашид Кудхари болса оның елінде мұндай сирек кездесетін оқиғаның орын алғандығы туралы ештеңе білмейтінін айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button