Ресей президенті Владимир Путиннің екі-үш жыл ғана өмірі қалды. Ол ағзада тез дамитын қатерлі ісктің ауыр түріне шалдыққан. Бұл туралы Daily Mirror Федералдық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып жазды.
Арнайы қызмет офицерінің дерегіне қарағанда, 69 жастағы Путиннің көру қабілеті де қатты нашарлап кеткен.
«Путин телеарна арқылы мәлімдеме жасағанда, оған айтпағын қағазға үлкен әріптермен жазып береді. Әріптердің үлкендігі соншалық, бір параққа екі-ақ сөйлем сыяды», – дейді хабарламада.
Бұдан бөлек, Путиннің басы ауырып, аяқ-қолдары дірілдейді. Сондай-ақ ол ашуын тежей алмайды және ешкімге сенбейді.
Мұндай ақпарат қайдан шықты? Ресей президентінің дертті екені туралы деректі ресейлік шпион қазір Ұлыбританияда тұратын ФҚҚ-ның бұрынғы агенті Борис Карпичковқа берген.
Бұған дейін Украинаның Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов: «Ауыр дертіне қарамастан, Путин тағы бірнеше жыл өмір сүруі мүмкін», – деген еді.