“AMRE” ДИМА БИЛАНҒА ШАПАН КИГІЗДІ! (+видео)

by Depti
0 views

https://www.instagram.com/p/CYOOaXPqP6I/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Ресейдің “Голос” шоуына қатысып жатқан Қазақстандық әнші Amre (Ернар Садырбаев) ресейлік әнші Дима Биланға шапан кигізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

https://www.youtube.com/watch?v=il1_DiVMruI&feature=emb_imp_woyt

Бейнежазбада қазақстандықтың “Голос” шоуындағы тәлімгеріне қазақтың дәстүрлі шапанын, бөрігін, кәдесый қалқаны мен қамшыны тарту етіп жатқанын көруге болады. 

Диман Билан шапанды үстіне киіп жатып, Қазақстанда немере әпкесі тұратыны жайлы айтады. Ресейлік орындаушы көпке дейін қала атын есіне түсіре алмаған, алайда соңында оның туысы Қостанайда тұратын болып шыққан. Amre өзінің де осы қаланың тумасы екенін жеткізеді.

Айта кетейік, “Голос” музыкалық жобасының оныншы маусымы 30 желтоқсанда аяқталып, жеңімпаз “Пелагея” командасындағы Қырғызстанның өкілі Александр Волкодав болды. 

Финалға шыққан үш үміткердің қатарында Волкодавтан бөлек қазақстандықтар Дима Билан командасынан Amre және Александр Градский командасынан Әлішер Кәрімов болды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com