Балғынбекке алданған аналар бас көтеруде…

by Depti
0 views

Айтыскер ақын Балғынбек Имаштың қорына ақша салғандар «алданып қалдық» деп шағым айтуда.

https://fb.watch/aLJ6DNwrl0/

Басы дауға қалған айтыскердің қорының 1 орны 150 мың теңге тұрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәселен, 6 баланың анасы айтыскердің қорына 325 мың теңге салып, алданып қалғанын айтты.

«2021-дің тамыз айында бұл кісі парақшасында мен осындай қор ашып жатырмын деді. Кооператив немесе қор, сондай бірдеңесі бар. Кезекке тұрыңдар, мұқтаж 300 адамға үй алып береміз осы қор арқылы дейді. Бұл не қор, не кооператив, өздері де дұрыс түсіндірмейді. Қаласаңыздар, кезекке тұрыңыздар, 1 кезек 150 мың теңге тұрады деді. Сол кезде алтыншы балама аяғым ауыр болып, жәрдемақы түскен кезде бірден соны салып тастадым. Квитанция, барлығы бар, 205-болып кезекке тұрдым. Ол кісінің аузында Алласы бар, бетінде сақалы бар, дұрыс адам болған соң осылай сеніп отырдым», – дейді келіншек.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com